lat: NİL
з а т. 1. Көк шөптің, ағаш жапырағының, тағы басқа өсімдіктердің сөлі, шырыны, бояуы.
Көк нілі жұққан шалбарының тізесін бет орамалымен сүртіп тастап, Самалдың жанына келіп жайғасты (З.Жәкенов, Таң самалы). Өзіңді өлшеуден сырт мұнша мақтап, Дәлелің не, күлесің, жасырмай-ақ? Халық күлсін, қайсымызға қарап өзі, Ақ бөзге ат қойғандай нілден бояқ (Қара өлең). Бұрын да малшылар Шабанбайға таласа көшіп келіп, аспанның реңі, шөптің нілі бұзыла топырлап ойға түсетін еді («Жұлдыз»).
2. Көк түсті бояу. Нілге салып шайқаған кірдей аппақ жылтыр қағаздар (Ш.Құмарова, Қазбауыр бұлт.). Аспан да жерде нілге малып алғандай жап-жасыл (Қ.Жұмаділов, Тағдыр). Дұспанға да бол әділ, Түсірме ойға тат пен ніл, Ұмытпа, болсаң біздің ұл, Осы өлеңді құлаққа іл! (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).