(лат. nihi — түк те емес)—ешбір жағымды идеялармен байланысы жоқ абсолютті жоққа шығару көзқарасы. «Нигилизм» атауын бірінші рет Якоби қолданды, Ресейде И. С. Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романының арқасында тарады, Реакционерлер нигилистистер деп революциялық демократтарды атады, оларға өткен барлық мәдениетті жоққа шығаруды таңды, Іс жүзінде революциялық демократия өзінің дұрыс бағдарламасын ұсынады. Ленин революциялық Нигилизмді реакциялық қоғамдық тәртіпке (4 т. 262-6.) және буржуазиялық философияда орын алған интеллигенттік анархиялық Нигилизмге (20 т. 242—6.) деген заңды жағымсыз қатынас ретінде даралады. Мысалы, Ницше «игіліктерді қайта бағалауды» яғни адамзат жасаған мәдениет, ғибрат нормасы мен әділдікті жоққа шығаруды жариялады. Нигилизм нақты философиялық термин ретінде көптеген философтардың еңбектерінде жиі ұшырасады.