ұзындығы 3-4 м, ені 8-10 см және қалыңдығы 2-3 см бір немесе қостарлы тілмелі ағаш білеу. Нивелирлік рейкалар тұтас, жиналмалы және жайылмалы болады. 3, 4-ші кластық және техникалық нивелирлеуге арналған рейкаларда сантиметрлік немесе екі сантиметрлік бөлулер салынады. Әр дециметр аударылған цифрлармен белгіленеді. Сондықтан нивелирдің көру дүрбісінің өрісінде олардың тік бейнеленуі көрінеді.