lat: N
з а т. 1. Қазақ әліпбиінің он сегізінші әрпі және сол әріптің графикалық таңбасы .
Сөйтіп, м, н, ң фонемаларының бір-біріне ортақ қасиеті: бұл үшеуін айтқанда фонациялық ауа мұрыннан шыққандықтан, оларды мұрын жолды үнді (сонор) дейді (Қазіргі қаз. тілі).
2. л и н г в. Тіл ұшының қызыл иекке тию арқылы жасалған үнді, мұрын жолды дауыссыз дыбыс .
Бас позициядағы н, көбіне өзге тілдерден келген сөздерде кездеседі: нөкер, ноқат (моңғолдан ауысқан сөздер) (Қазіргі қаз. тілі).
Н фонемасы кей қосымшаларда д, т дыбыстарымен алмасып отырады: баланы, қазды, хатты (Қазіргі қаз. тілі).