НАУҚАН

lat: NAÝQAN

з а т. қ о ғ.-с а я с и. Қоғамдық-саяси маңызы зор қауырт істелетін мерзімді іс.

Өйткені олар сайлау науқаны аяқталған кезең мен сайлау қорытындылары ресми жарияланатын уақыт аралығында көпшілік демонстрациялар өткізуге тыйым салып, адам құқын шектейді немесе Қазақстандағы демократиялық институттар дамуында кері қадам болып табылады деген мәлімдемесіне орай өз көзқарастарын төмендегіше түйіндейді: «Бірқатар ТМД елдерінде таяудағы орын алған толқуларды ескерер болсақ, мұндай шектеулердің себебін түсіну қиынға түспейді» («Егемен Қазақстан»).

Егіс науқанының қарбаласы аяқталған, енді шөп шабуға кірісетін кез ғой (А.Нұрманов, Құлан.).

Біздің ойымызша, осы бар күрделі мәселеге жергілікті атқарушы билік орын дары ерекше көңіл аударуы керекі Жастардың өз бетінше томаға-тұйық қалуы, мемлекеттік жастар саясатын жүргізу ісі көз алдайтын бір күндік науқандармен ғана шектелуі жақсылыққа апармайды («Жас Алаш»).

2. Қауырт істелетін мерзімді іс.

Алда мақта егу науқаны бар. Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш диқандарының басым көпшілігі мақта егуге машықтанған. Яғни судың алтыннан қымбат болатын кезі алда («Егемен Қазақстан»).

3. ә с к. <франці campagne> Құрлық және мұхит соғыстарындағы ортақ ниетпен біріккен және маңызды әскери-саяси мақсаттарға жетуге бағытталған бірнеше стратегиялық операциялар мен басқа да әскери қимылдар.

Науқан термин. әскер тарихында бұрыннан белгіліі Ресейде бұл ұғым 18 ғасырдың басындағы ресми құжаттарда кездеседі (Қазі тілі термин. Әскери.).

Науқанды жоспарлау Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерекше сипат алды (Қазі тілі термин. Әскери.).