НАУША

lat: NAÝSHA

рі نوچه ] с ы н. Буыны қатпаған, өрімдей.

Сол күнде он бесте екен, менің анам,

Жаснауша сорлы болып қолда қалған (И.Байзақов, Таңд. шығ.).

Жасымыз мұнша жасқа келгенше,

Шоқандай науша жасты көрмеп едік (Бес ғасыр.).

Тал шыбықтай майысқан науша қыз имене кіріп, кесе, шәйнек әкелді (Б.Әбдіразақов, Сандалкөк).

Сәкімбай Қонақбай, хан ұлы екенсің,

Жаснауша қатарыңның бұлы екенсің (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Бәйшешектей гүл шашқан

Өрімдей науша жастарым,

Отанымның сәулеті

Айбарым, көркі, мақтаным (Н.Байғанин, Таңд. шығ.).

2. э к с п р. Боқмұрын.

Алдымнан қарсы шығып бір науша жөйт,

«Маған сат жусаныңды, ата», деді (Бабалар сөзі).