НАҒЫЗ

lat: NAǴYZ

[ир. نغز ] с ы н. Шын, дәл, тура .

Исатайдың көтерілісі қазақтың көзін ашып, патша үкіметін танытты, патша үкіметіне сүйенген хандардың, сұлтандардың қазаққа нағыз дұшпан екендігін анық көрсетті..Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.).

Қара халықтың ұғымынша, «атамыз адам пайғамбар...» деп, бәрі де жаттап алған құрғақ шежірені қаулата берумен, қазақ пен қырғыздың тегін еріксіз «пәлен әулие, түген сахабаға» апарып телумен нағыз тарих шықпайтыны оқымысты, білімді азаматтарға аян.Дулатов, Шығ.).

Бір сөзбен айтқанда, Наурыз ел арасында нағыз еңбек мерекесі қатары қабылданатын. Және ешкім де өзін бұл игілікті істен тыс ұстауға тырыспайтын («Жас Алаш»).