НАҒЫЗ

lat: NAǴYZ

(пар. нағз نغز) парсы тіліндегі мағынасы жақсы, керемет, таң қаларлық, әдемі, қазақ тілінде дәл, шын мәнінде деген ауыспалы мағынада жұмсалады.

Қайғы деген адамның нағыз жауы, Сарғаяр запырандай оның түсі («Қисса Жәмшид». Бабалар сөзі. 6-том. 2004. 100 томдық).

Патшаның нағыз ұлындай, Өсірген сипап тұлымдай («Қобыланды» (Н.Байғанин нұсқасы). Бабалар сөзі. 36-том. 2006. 100 томдық).

Нағыз ділмар сөйлесе, Есіткен адам таңданар («Омар Шораяқов». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).

Нағыздап білу жақсылап, нақты білу.

Келмейтұғын хабарын, Нағыздап енді біледі («Қамбар батыр». Бабалар сөзі. 43-том. 2007. 100 томдық).