НАДАН

lat: NADAN

(пар. надан نادان) мәдениеттен мешеу, дөрекі, білімсіз.

Иә, Әли, саламын көз саған, деді, Мені сен ойладың ба, надан , деді («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).

Молда білер бұ сөзді, надан білмес, Білсе де, надан бәрін тамам білмес («Қисса Салсал». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).

Шаһзада ойға алады жаққан отты, Біле ме надан адам сұрау, сотты («Зияда-Шахмұрат». Қисса-дастандар, 1986).