НАФТАЛИН

lat: NAFTALIN

[грекі naphtha] з а т. Смолалы тас көмірді құрғақ айдаудан алынатын шаруашылық мәні бар, исі нашар, кристалды ақ түсті зат. Қысқы киімдерді нафталин сеуіп ауызғы бөлмедегі сандыққа салып тастаған-ды (М.Дүйсенов, Ант).

Нафталин бояу, дәрі-дәрмек алуда, күнделікті тұрмыста жүн бұйымдарын қаракүйеден қорғау мақсатында және тібі қолданылады (Қазі тілі термин. Тамақ.).

Қоңыздар мен қара күйе теріні бүлдірмес үшін оған аздап нафталин немесе тридихлорбензол себіледі (М.Исмағилов, Зорман.).

Нафталин иісі аңқыған киім-кешек, шүберек үйіліп жатыр. Iші бықырсып тар қапас боп тұрған сандық таза ауаға, жарыққа кеудесін кере ашып, рахаттанып тұрған тәрізді (Т.Ахтанов, Дала сыры).