НАЙЗА

lat: NAIZA

[ир. نيزا ] з а т. к ө н е. Ұшы істік темірден істелген, ұзын ағаш сабы бар соғыс құралы.

Маған қаруларын көрсетті: айбалта, найза, шоқпар (С.Сейфуллин, Шығ.).

Мұндай істердің бәрінде де қазақ өтірік айғақ салып, қаралаған адамдарының қолына мылтық, найза, ту ұстатады. Айғақтар суд үйреткен жырды жырлайды: пәлен айдың пәлен күнінде шапты, талады... деп (М.Дулатов, Шығ.).

Жайлау-жайлаудың жігіттері белдеуден найза, белден қылыш сабы сияқты қаруын кетірмейтін болған (М.Әуезов, Қилы заман).