lat: NAIZA
зат. Темірден істелген, ұзын ағаш сабы бар, ұшы үшкір соғыс қаруы.
Олар да күреске ұмтылған Шоқпар ап, садақ ап, найза алып.
Айығып заманның бұлтынан Кете алды қай халық? (1,98).
Ортадан да, Кішіден де кішімін, «Ұлымын» деп көрсетпеген қысымын.
Ел басына екіталай күн туса, Екі інімнің найзасының ұшымын (2,127) .
// Ұзын, үшкір .
Кеудең – кең, жотаң – алып, тасың – найза,
Аспанда төбең тиген алтын айға.
Тулатып толқындарын тасқа соғып,
Тасқандайд ерке өзенің терең сайда (1,61).