НАЙЗА

lat: NAIZA

(пар. найзе نيزه)   

1. Ұзын сапты сүңгі тәрізді қару.

Бір-біріне һеш зарар қыла алмайды, Найзаларын сілтесті отыз екі («Қисса Салсал». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).

Екі жақ қылыш, найза сілтесіп жүр, Зілзала болғандай-ақ ой менен қыр («Қабанбай батыр қиссасы». Бабалар сөзі. 58-том. 2010. 100 томдық).

Олар да қылыш жұмсап, найза шаншып, Ұрысты дұшмандығы әдден асып («Орқа Күлше». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).

2. 4-5 метрлік өлшем бірлігі.

Төрт түрлі балығы көп жүреді ойнап, Суы терең тоқтамас найза бойлап («Патша Синдбад хикаясы». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).

Найзагер найзашы.