Ұшы істік металдан істелген ұзын ағаш сабы бар, қадалғыш немесе лақтырмалы соғыс құралы. Алғашқыда ұшы ұшталған таяқтан жасалды, бертін келе ұзындығы 1,5 метрден 5 метрге дейін жететін ағаш сапқа тастан немесе сүйектен (тас ғасырында), металдан (қола дәуірінен бастап) үшкір ұш орнатылған түрлері шықты. Қазақ батырлары мен жауынгерлері де негізінен найзамен қаруланды.