НАМАЗ

lat: NAMAZ

(пар. намаз نماز) – мұсылмандардың күніне бес рет құдайға жасайтын құлшылығы.

Екі күн жинап алып намаз оқып, Бәрін де дәфін етті алып барып («Хикаят Тәжілмәлік». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Жіберші бұл киікті, кәуір, деймін, Сен өзің намаз оқып, мұсылман бол («Киік». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Не ораза, не намаз, Оқып және көрмеген, Үсір, зекет бермеген, Жинағаны арам мал екен («Жанқожа батыр мен Бабажан сарт». Бабалар сөзі. 62-том. 2010. 100 томдық).

Бесін намазы түс мезгілінде оқылатын екінші намаз.

Төре сол кезде бесін намазын оқып тұрған екен... («Алпамыс батыр» (1939 жылғы «Батырлар жыры» кітабында жарияланған нұсқа). Бабалар сөзі. 33-том. 2006. 100 томдық).

Қаза намазуақытында оқылмай қалған намаз.

Қаза намаз қазамды, Тарттырар Құдай жазамды («Алпамыс батыр» (Рахат нұсқасы). Бабалар сөзі. 33-том. 2006. 100 томдық).

Намаз бамдат [памдат]таңғы намаз.

Таң атып күн шыққан соң, бас көтеріп, Оқыды жиылысып намаз бамдат («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).

Біләл айтты азанын, Оқыды намаз памдатты («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).

Намаз қаза болу [кету]намазды уақытында оқи алмау.

Намаз қаза болғанын Әли білді, “Намазым қаза болған он бес күнгі («Қисса Шаһизинда». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Он бес күнгі намазы қаза болып , Ойына ер Әлидің сонда түсті («Қисса Шаһизинда». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Ұрысып ұдайымен бес күн өткен, Намазы бәрінің де қаза кеткен («Хикаят Тәжілмәлік». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Намаз қылунамаз оқу.

Банһам сонда Сейітті көріп, шүкір қылды, Аллаға шүкір үшін намаз қылды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Бір уақытта сабах садық таң да туды, Мүмінлер азан айтып, намаз қылды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).

Зоурақны шетке қойып, қыр шықты, Сейіт хазіреті таһарат алып, намаз қылды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Намаз өтеуоқылмай қалған қаза намаздарды оқу.

Әли қашан келеді деп күтіп жүрді, Намазын ол жасырып өтеп жүрді («Қисса Салсал». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).

Сөйлейік шаһзаданың енді халін, Өтеді қаза болған намаздарын («Хикаят Тәжілмәлік». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Намазға ұюнамаз оқуға дайын болу.

“Бар болса Елікей хан жау болмас” деп, Тұр екен таң алдында намазға ұйып («Жанқожа батырдың толғауы». Бабалар сөзі. 62-том. 2010. 100 томдық).

Намаздау намаз оқу.

Намаздап көмді өлгенін мұсылмандар, Жинап ап жеті күндей тасып болып («Хикаят Тәжілмәлік». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Намазды намаз оқитын адам.

Намазға жаман адам ерінеді, Намаздыға ол ұжмақ беріледі («Қисса Салсал». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).

2. Ақшам намазы.

Тырп етпей, намаздыгер оқыған соң, Сарғайып намазшамды алса күтіп! («Мәшһүр Жүсіп пен Жүніс Шалқарбайұлы». М.Жүсіп, І-том, 2003).

Намазқанбес уақыт намазын тастамай оқитын, діндар адам.

Тақуа, жомарт, қазы, шейіт сайым, Кіреді намазқандар және молда («Он түрлі боп адамның тірілмегі». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Намазына берік тастамай намаз оқу.

Отыз күн рузесін жақсы күтіп, Бес уақыт намазына берік болды («Қисса Жұмжұма». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).