lat: NAQTYLY
с ы н. с ө й л. Нақты.
Қазіргі кезде көптеген химиялық заттар таза күйінде алынып, олардың рак тудырғыш қасиеті ішкі, сыртқы органдарда бақыланып,нақтылы зерттелді (Ә.Есенқұлов, Әйелдер.).
Тек тиянақты білім және үлкен нақтылы тәжірибе ғана, тек сол ғана ұрыста біріңнің орныңды біріңнің ауыстыруыңа право береді (Б.Момышұлы, Шығ.).
Ал жеңілдік жасаушылар нақтылы орындарда отырған дәл жауапты адамдар ғой. Өз орнымен, өз сыбағасымен олар да алу керек (М.Әуезов, Шығ.).
Мамандық тілдерімен үндесіп, ұғыса біледі және сол әр ғылымның саласындағы әрбір кезеңде пісіп келген нақтылы, жауапты мәселелеріне қажет болған мәслихатын айтып, мықты басшылық ете білді (Қаныш аға.).