lat: NAQURYS
[и р. نادوروست ] с ы н. Ақылсыз, есерсоқ, жынды, есуас.
Жынды ма, нақұрыспа, ойлы ма, жігерлі ме, таз ба, соқыр ма, – оны да білмейсің (С.Жүнісов, Ақан сері).
Қосымбайдың баласы нақұрыспа, мәжнүн бе, шорт мазарат, әне бір ақсақ қожа ылғи шешесін бақыртып ұрып жатқаны (Ж.Аймауытов, Шығ.).
// Ақылсыз, есерсоқ, есуас адам.
Бір нақұрыс біреу сауыны келіп тұрған інгенді емшек тұсынан дойыр қамшымен тартып-тартып жіберді (Ө.Қанахин, Жер бас.).
– Әнеукүнгі нақұрыстар тал түсте адасып, Бақанастан бір-ақ шығыпты (Т.Тобағабылов, Тағы.).