НАРКОТИК

lat: NARKOTIK

[грек. narkotikos] з а т. Наша

Гипертониядан алдын ала сақтану шараларының ішінде зиянды әдеттерден: темекі шегуден, ішкілік және наркотигі бар заттардан сөзсіз аулақ болу керек (Р.Сәтбаева, Гипертония.).

Iшімдіктердің бәрінің де құрамында адам организмін улайтын азды-көпті наркотик элементтері болады («Мәдениет және тұрмыс»). Жыл басынан бері оңтүстік қазақстандық қауіпсіздік қызметкерлері 77 кило наркотикалық өнімді тәркілеп, наркотикті тасымалдаудың 5 халықаралық арнасын жойса, ОҚО кедендік бақылау департаменті 102 кило есірткі, оның ішінде 46 кило героинді барар жеріне жеткізбеді («Егемен Қазақстан»).