НАРКОЗ

lat: NARKOZ

[грек. narkosis] з а т. м е д. Тәннің белгілі бір бөлшегіндегі сезімділікті жасанды жолмен жансыздандыру немесе еш нәрсені сезбестей етіп ұйықтату әдісі.

Наркоз жасалды, сонда да бар санам орнында (Е.Әкімқұлов, Қош бол.).

Операция жасайтын жерге, Зейнеп дәрі жіберіп жансыздандырды. Солдаттың жүрегі нашар болғандықтан, ұйықтататын наркоз берілмеді (Л.Құрманаева, Өшпес.).

Наркоздан кейін адам есінен толық не жартылай айырылып, ауыр сезімін оғалтып, тіндер жансызданады (ҚҰЭ).