lat: NATÚRMORT
[франц. nature morte] з а т. ө н е р. Қоршаған ортадағы түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер мен тағамдарды бір құрылымға топтастырылып бейнелеуі
Бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда натюрморт суретшіден өзі кескіндейтін нәрсені табиғи қалпында, дәл де нәзік жеткізуді талап етеді (ҚҰЭ).
Пейзажда, портретте, натюрмортта тепе-теңдік принципін үнемі сақтау керек (Б.Тілекметов, Фотосурет.).
Балалар бұрышына жақсы салынған натюрморттарды іліп қоюға болады (Семья тәрбиесі).