НАТУРАЛДЫ САЗДАР

lat: NATÝRALDY SAZDAR

дәстүрлі және халық музыкасына тән саздар (саздық дыбыс қатарлары). Бұл атау ертедегі орта ғасырларда берілген. Көне грек музыкалық терминологиясынан алынған. Натуралды саздар қазіргі қолданылып жүрген мажор және минорлардан, «ертерек» шыққан; бұлар музыкада әуендік бастау үстем болғанда, ал гармониялық ойлау тек қана туа бастаған дәуірде пайда болды. Натуралды саздарға (ионий, дорий, фриги, лидий, миксолидий, эолий және локрий) көптеген елдер мен халықтардың музыкалық фольклоры негіз болады (сондықтан да бұларды халық музыкасының саздары деп жиі айтады.)