НАТУРАЛДЫҚ МЕКТЕП

lat: NATÝRALDYQ MEKTEP

19 ғасырдың 4050 жылдарында пайда болған орыс сыншыл реализмінің, бағыты, бұл мектептің көркемдік принциптерін негіздеуші Н. Гоголь болып табылады. Натуралдық мектеп принциптерін ұстанушы жазушылар өмірді боямасыз, қаз-қалпында бейнелеу қажеттігіне ден қойды. Өз кезеңдеріндегі келеңсіз құбылыстарды, азған-тозған қоғамдық құрылысты аяусыз әшкерелеуге тырысты. Натуралдық мектепке И. Гончаров, Н. Некрасов, И. Тургенев, Ф. Достоевский, А. Герценнің алғашқы шығармалары жатады. Белинский осы мектептің ең басты идеологы, теориялық принциптерін жасаушы ретінде көрінеді. Кейін В. Майков, А. Плещеев т.б. жалғастырды. Натуралдық мектептің өкілдері «Отечественные записки», кейін «Современник» журналдарының төңірегіне топтасты. Ысмақова А.