НАТУРАЛИЗМ

lat: NATÝRALIZM

[франці naturalisme] з а т. ф и л о с. 1. Табиғатты барлық нәрсенің түп негізі, тану мен түсіндірудің әмбебап принципі ретінде қарастыратын философиялық бағыт.

Натурализмнің идеалистік- философиялық тармақтарында діни көзқарас жоққа шығарылмайды және табиғатқа жандану (гилозоизм, панпсихизм) немесе рухтану (пантеизм) іштей тән деп есептеледі (ҚҰЭ).

2. Өнер мен әдебиеттегі реализмге қарамаарсы позитивтік бағыт.

Әдебиетіміздегі формализм мен натурализм элементтерін, оның көркемөнердегі залалды жерін батыл сынау керек (Е.Ысмайылов, Сын.).

 «Барды барынша» көрсету деген теріс теория тек натурализмнің отына май құятын теория («Қаз. әдеб.»).