НАЗДАНУ

lat: NAZDANÝ

Наздан етістігінің қимыл атауы.

Қызық қой наздануда, қызғану да, Ғашықтың көн отына, ызғарына (Қ.Бекхожин, Үш кезең).

Еркеліктің де есебі болса керек, назданудың да шегі болса керек (Қ.Тұрсынқұлов, Есіңде ме.).

Дүниенің осы тұрған жер бетінде

Бар ма екен пақыр адам мен бейбақтай?

Қатты деп құс төсекті назданушы ем,

Апырай, жамбасыма батты-ау тақтай! (Ә.Найìанбаев, Шығ.).