lat: NAZDAN
е т. Қылымсып тәлімсу, еркелеу, мейірлену .
Міне, аяулы ару, қарлығаш қасы қиылып, тал шыбықтай бұрала келіп, ерке толқындай наздана келіп, ақ білегін мойынға орады (М.Сатыбалдиев, Жартас.).
– Соншама қалай шыдап жатқаныңызға таңым бар, – деп жымың еткен қыз наздана хат ұсынды (А.Байтанаев, Қайнар.).
Сықылықтап күледі. «Сені сағындым ғой, қайда болдың?» – дейді Нұрила назданып (С.Сарғасқаев, Біз төртеу.).