НАЗДАН

lat: NAZDAN

ет. Наз айту, базына жасау .


Білесің деп еркелесем наздана ,

Бейқам өткен мағынасыз күнімді.

«Түсінем, – деп аясаңшы аз ғана,

– От аралас сенің мұңлы үніңді» (1,79).


Өмірдің заңы бөлек, жөні бөлек,

Несіне өкпелейсің, жөніңе кет.

Бықсып жатар өсектің қоламтасы,

Еркінірек наздансаң еліңе кеп (3,104).