lat: NEGİZGİ
с ы н. Шешуші мәні бар, басты .
Жаңа материалдарды түсіндіру және ол материалға жаттығуға байланысты мұғалім алдына екі негізгі міндет қойылады («Қазақст. мект.»).
Қай ұлт болмасын, үлкен бе, кіші ме, ешкімге тәуелді болуды қаламайды. Тәуелсіздіктің сақталуының көп шарттары бар. Оның негізгілері – жерінің, тілінің, ұлттық салт-сананың сақталуы («Қаз. әдеб.»).
Біздің шаңырағы шайқалған туған тіліміздің тағдырын өзге біреулер түзеп бере алмайды. Тіл тағдырын шешетін заңнамаларымыздың ең негізгілері әлі дүбара күйінде («Жас Алаш»).