НЕГЕ

lat: NEGE

<i>е с i м. Не себепті, неліктен деген мағынада қолданылатын сұрау сөз.i>

Қаны қызып құтырып,

Ар-абыройы ұмытылып.

Ашуды қару жұтынып,

Артыңнан неге қалар ол (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Кенесарымен бірге Қырғыз еліне барған Ағыбай батырдың қанды шайқастан соң елге оралғаны тарихтан белгілі. Сонда хас батыр Тасаралды неге таңдады екен десеңізші?! Ол кезде ауыл бүгінгідей көл жағасында емес, судың ортасында, аралда екен («Жас Алаш»).

Сен тоқыған шілтер мынау тозбаған,

Ал мен болсам, тозбайтұғын сөз бағам.

“Неге адамды сақтау қиын зат құрлы?!”

Дейді менің бота көңілім боздаған (К.Ахметова//Екі мыңжылдық.).

Әуелі толып жатыр сенің мінің,

Неге керек, жеміссіз құры білімі

Сапар алыс, ынсап қыл, хақтан ұял,

Бұрынғы міндерің де жетер, інім (Ақмолла ақын, Күндері).