НЕЙТРОН

lat: NEITRON

[ағыл. neutron] з а т. ф и з. Атом ядросындағы электрлік зарядынан айырылған материалдық бөлшек

Совет физигі Д.Д.Иваненко атом ядросының күрделі екенін ядро протон мен нейтрон бөлшектерінен құралғанын бірінші болып дәлелдеді (Б.Айдарханов, Атом қуаты.).

Ядроның құрамындағы тағы бір зарядсыз элементарлық бөлшектердің бірі нейтрон болады («Қазақст. мект.»).

Нейтрон тек қана ядроның құрамында тұрақты болады. Еркін күйде протонға айналады, осының нәтижесінде электрон жәнеантинейтрино” деп аталатын электрон және бөлшек шығарады (Қаз. тілі термин. Әскери.).