lat: NEKELESÝ
Некелес етістігінің қимыл атауы .
Біраз уақыт некесіз тұрып көрейін, көңілім орнына түссе, некелесуім қашпас деп шешті (М.Ысқақбаев, Қыры. қыз).
Ауыл Совет кеңсесінің ішіне кіріп некелесу жағдайын сұрасам қайтеді деп бір тұрдым да, «қойшы, әлі ерте шығар» деп жүріп кеттім (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.).
Бәрінен қауіптісі, бәрінен адамға зияндысы мерездің еркек пен әйелдің жақындасуынан жұғуы.
Үйленетін еркек, ерге тиетін әйел бірінің-бірі сау екеніне көзі жетуі керек.
Екеуінің бірі ауру болса, некелесуден қашу керек (М.Дулатов, Шығ.).
Статистика мәліметтері соңғы жылдардағы некелесудің азайғанын, баласының саны шектеулі, жартыкеш жанұялар қатары көбейіп отырғанын көрсетеді (Ә.Кекілбаев, Үш белес).