НЕМІС ТІЛІ

lat: NEMİS TİLİ

герман тілдерінің бірі (батыс герман тобы). Алмания, Австралия, Швейцария, Белгия елдерінің ресми тілі. Сөйлеушілердің жалпы саны 177 млн. асады. Неміс тілі негізінен батыс-герман тайпаларының-франк, сакс, туринг, алеман, бавар-диалектілері құрайды. Қазіргі неміс тілі фонология жүйесінде моно және дифтонгтар (16 дауысты 3 дифтонг) саны 45 пайызды құрайды. Грамматикалық құрылысында аналитикалық-синтетикалық етістік сөзжасам жүйесі жақсы дамыған, сөйлемнің негізгі түрі етістік арқыла жасалады. Лексикасында латын, француз, итальян, ағылшын сөздері кездеседі. Ең көне жазба ескерткіші VIII ғ. жатады.