lat: NENDEILIK
з а т. Қандай бір, қандайлық.
Әсет жастайынан Дүйсенді көріп өссе де, ол кісінің ішінде нендейлік қазынаның барлығын білмейтін (К.Оразалин, Ақ жазық).
Абай келер ұрпаққа нендейлік асыл мұра қалдырса, соның бәріне де өзекті желі осы бір қабат сұр үйден Шыңғысқа қарай тартылғандай болып тұратын (К.Оразалин, Абай.).