НЕОН

lat: NEON

з а т. х и м. Жанғанда құлпырып тұратын инертті газдар тобына жататын, рет нөмірі оныншы химиялық элемент, түссіз, иіссіз, салғырт газ.

Неон электр ұшқынында қызыл түс береді, осы қасиеті электротехникада, жарнама және маяк шамдарында қолданылады, сонымен қатар криогенді техникада жұмысшы зат ретінде, демалуға қажет арнайы қоспалардың құраушысы ретінде пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Химия). Маңдайшасында неон шамдары жарқыраған ғимараттар қараңғы үйде жұмыс істеп тұрған әйдік радиоқабылдағыштар секілді (Р.Тоқтаров, Тұлпар.). Атомдық салмағы 20 және 22 неон атомдарының массаларының қосындысы қоспаның 100 атомның орташа атомдық салмағына тең («Қазақст. мект.»). Неон инертті газдар қатарына жататын химиялық элемент, қалыпты жағдайда түссіз, иіссіз газаз. тілі термин. Тамақ.).