НЕПТУНИЗМ

lat: NEPTÝNIZM

[лат. neptunus] з а т. ф и л о с. Барлық тау жыныстарын бастапқы дүниежүзілік мұхит суы мен “топан суынан” тұну арқылы жаралған деп түсіндіретін, 18 ғ-дың соңы мен 19 ғ-дың басында тараған ілім.

Нептунизм идеясының негізін жасаған неміс геологы А.Г.Вернер (1749-1817) болды, ал оны қолдағандар француз геологы А.Делюк және орыс ғалымдары П.Паллас (1741-1811), В.Севергин (1765-1826) тібі (ҚҰЭ).