lat: NESHEÝ
е с і м. Саны жағынан қаншама, қанша.
Өнерпаз нешеу болса, өрнек те сонша (Мақалнама). Бес алманың үшеуін Досың сұрап алады. Айтшы, сонда нешеуі Өз қолыңда қалады? (Қ.Мырзалиев, Күміс.). Мен келдім алпыс жастың бесеуіне, Не жиып, не жетпейміз нешеуіне. Құдайым иман бергей, бір қаза бар, Дүниенің көз жете ме өлшеуіне?! (Шал ақын, Өлеңді). Және пайғамбарымыз саллаллаһу ғалайһи уәссәлам “ақыр заманда бір жылдық, бір күн болар” дегенде сахаба-и, кәрәмлар, бұл бір жылдық күнде намаз нешеу болар” деп сұрағанда, оның пәтуасын сол заманның ғалымдары білер деген сөзінен ғибратланып қарасаң, заман өзгерумен қағидалар өзгерілмегенін білдіргені мағлұм болады (Абай, Тол. жин.) .