lat: NESHE
е с і м. 1. Заттың сан мөлшерін білу үшін жұмсалатын сұрау есімдігі.
Бұл газет туралы өткен 10-қаңтарда болған земский собранияда сөз болған. Зорлығы қандай болу керек, айына неше рет шығару керек, бұларының барлығы да белгіленген еді (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). Бағасы ол киімнің үш мың ділда, Тапқан жоқ жігіт мұндай неше жылда. Өзін қуған сопының әйелі екен, Жарандар, не болады сөзім тыңда (Бозінген).