НЕШЕ

lat: NESHE

есім. 1. Заттың санын білу үшін қолданылатын сұрау есімдігі.

Еңбекпен сауық-сайран кеше бердік,

(Есіңде ме сол кезде нешеде едік?)

Анамыздың жүзіне ақау түсті,

Ал біздер өсе бердік, өсе бердік (2,337).


Өзімнің есебімде,

Мен биыл қырықтың дәл бесеуінде.

Кім біледі. Ендігі қалған өмір,

Неше жылға жетерін, Неше күнге (3,223).


2. Бірнеше, әлденеше.


Неше қыстар өтіпті-ау, неше күздер.

Енді бізді балалар әкеміз дер,

Енді бізді балалар шешеміз дер (1,175).


Бәрі де ұнасымды:

Неше тәулік түнерген күн ашылды,

Алаңдарды кернеген сән-салтанат,

Асылып Алатауға құлаш ұрды (2,215).