lat: NESTORIANSHYLDYQ
з а т. д і н и. Несториан діні, V ғасырда Византияда пайда болған христиан дініндегі ағым.
Несторианшылдық ағым “адам Құдай” жайлы христиандық ұғымды сынға алды (ҚҰЭ). Несторийдің пікірі бойынша, қасиетті Мария ана адамды туған, кейіннен Иса адамға тән әлсіздікті жеңіп, мессия дәрежесіне жеткені Несторианшылдықты жақтаушылар дінбұзарлар ретінде айыпталып, қудаланды (ҚҰЭ).