lat: NETKEN
ш ы л. 1. Таңғалуды, таңдануды білдіретін, не қылған керемет деген мағынадағы эмоциялық сөз.
Неткен қайсар сұлулық бұл, – деп бір орыс ақыны жас алыпты көзіне (М.Шаханов, Ғасырлар.). Қызыл кілем – қызыл бөлме ішінде, Көктем желі терезеден еседі. Шалқып жүрдік. Өңім бе әлде түсім бе? Неткен жандар, неткен сұлу кеш еді! (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен, Бүгін менің әулием сен, ием сен. Осындайда ойланып қой, жігітім, Жығылмайсың орманыңа сүйенсең (Т.Айбергенов, Мен саған.).
2. Не қылған, қандай, қай деген сұрау мағынасындағы сөз.
Көрер-ау, жаңбыр жауса, көрешегін!.. Бірақ неткен мезгілдің төресі едің?! (I.Қажытай, Тасжарған). «Бұл неткен есімі елге запы мекен, Әлде бір соқыр сезім аты ма екен», – Деп саған көп қараушы ем, Жанарымдай Жаутаңдап мұнай толқып жатыр екен (Т.Айбергенов, Мен саған.).
3. э к с п р. ж а ғ ы м с ы з.Кекесін мағынадағы не қылған, қайдан пайда болған деген мәнді жақтырмауды, мазақты білдіретін сөз.
Тіпті сырттан келіп сыбаға дәмететіндердің де аузын майлап, атын сайлап қалуға тырысамыз, неткен дархандық (“Түркістан”).