НЕТКЕН

lat: NETKEN /59/

сын. «Не еткен» деген сөз тіркесінің ықшамдалып қолданылуы; не деген, не қылған; керемет.


Япырмай-ай! Неткен көктем! Көктем! Көктем!

Дүние-ау, Сен осылай көкпеңбек пе ең?!

Қымырандай ашимын қырға шығып,

Өзегімді жалайды өткен-кеткен (1,228).


Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, Ғ

Fашықтар бір-бірін өпкен жер (3,121).