1989 ж. ақпанда өткен шеру нәтижесінде құрылған халықаралық антиядролық қозғалыс. Оны ақын О.Сүлейменов басқарды. Қысқа мерзім ішінде бұл қозғалыс ең ықпалды қоғамдық қозғалысқа айналып, ядролық сынақты тоқтату үшін әскери өнеркәсіп кешенімен тегеурінді күрес жүргізді. «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы мен әлемдегі барлық ядролық қаруға қарсы қозғалыстардың атом қаруын сынауды толық тоқтату жолындағы күш-жігерін біріктіру мақсатымен 1990 ж. мамырда Алматыда «Дүниежүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» деген халықаралық конгресс өткізілді. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев 1991 ж. 28 тамызда Семей полигонын жабу туралы өкімге қол қойды.