НИЕТ

lat: NIET

ар. зат. 1. Пейіл, ықылас, ынта.


Қымбат-ты нарқым, Қалмапты қартың.

Түскенін сездім құнымның.

Ниетің тар тым,

Босағаң салқын,

Келген-ді менің жалынғым (3,122).


Күле жүріп, жеңешем қояды шай,

Малдас құрып отырам баяғыдай.

Бәрін тартып алсаң да, қазекемнің

Баяғыдай ниетін ая, құдай! (3,187).


2. Ой, көңіл. Бұл шығарманы қазақ оқушылары да қабылдар, халқымыздың мәдени мұрасына қосылған рухани үлестердің бірі болар деген ниеттемін (4,88).


Рас, Айшаға деген адал ниетім де болды (4,224).