lat: NIET
(ар. ниат نية) – ықылас, пейіл, алдын ала болжайтын ой.
Ниет қылдым үйімнен шықпайын деп, Дүниенің бұзық сөзін айтпайын деп («Сейфүлмәлік». Қисса-дастандар, 1986).
Асарымызды асадық бұл дүиеден, Мекеге баралық деп ниет қылды («Шәкір-Шәкірат». Қисса-дастандар, 1986).
Ниет-қазат – дін жолы үшін күресуге ниет ету.
“ Ниет-қазат !” – деп кірді, Ойламай қамын жанының («Ер Шора» (Молда Мұса нұсқасы). Бабалар сөзі. 45-том. 2007. 100 томдық).