НИГИЛИЗМ

lat: NIGILIZM

з а т. ф и л о с. Эстетиканың, этиканың т.б. барлық қағидаларын ешбір мойындамай, түгелдей жоққа шығару.

Тарихи негізі жоқ солақай нигилизмге тойтарыс бере келіп, ұлы көсем адамзаттың ғасырлар бойғы озық мәдениетін түгел меңгермей тұрып, жаңа мәдениет орнату әншейін құрғақ әңгіме болатынын ескерткен-ді (М.Мағауин, Ақша қар). Халықтың ұзақ ғасырлық мәдени мұрасын немқұрайды түсінудің жұқалап келтіргенде, нигилизмнің салқыны деп таныр едік («Қазақст. мұғ.»). Мұндай нигилизмнің белең алып кетпеуі үшін, тіл саясатын жүзеге асыруды қаржыландыру төңірегінде жариялылықты қамтамасыз етпей болмайды (Ә.Кекілбаев, Үш белес).