lat: NIKEL
[лат. niccolum] з а т. х и м. Күміс түстес ақшыл, қатты, тотықпайтын, коррозияға ұшырамайтын металл, рет нөмірі 28 химиялық элемент.
Сібір мен Орал тауы никель, платина, асбестке бай (ҚСЭ). Никель кешенді қосылғыштар түзгіш, механикалық мықты, сыртқы әрекеттерге төзімді (Қаз. тілі термин. Химия). Қазір былғары мен болат, оны жалтыратуға керек никель халық шаруашылығының басқа да мұқтаждарына керек-ақ (Е.Оразақов, Дәрігер.).