НИКЕЛЬДI

lat: NIKELDI

с ы н. т е х. Никель жалатқан, никельмен қаптаған.

Бөлменің бір қапталын тұтас алып, никельді кереует жарқырап тұр («Лен. жас”). Бөлменің екі жақ қабырғасында ақ никельді, үлкен екі темір төсек тұр (С.Сарғасқаев, Көңілді бала.). Оң жақта үстіне ақ масахана құрған ақ никельді кереует, оның үстінде өрнекті ғажап жабу (С.Мұқанов, Менің мектеп.).