lat: NITRATTAR
з а т. х и м. Химиялық қосылыстар, құрамына атомдық NO3 топтамасы кіретін азот қышқылының туындылары.
Нитраттар суда оңай еритін заттар, қызуға төзімсіз, оңай ыдырап, оттек бөліп шығарады (Қаз. тілі термин. Химия). Құрамындағы азоттың валенттілігі кемиді, сондықтан нитраттар жоғары температурада күшті тотықтандырғыштар (Қаз. тілі термин. Химия). Нитраттардың көпшілігі азотты тыңайтқыштар ретінде қолданылады (Қаз. тілі термин. Химия).