НИТРОН

lat: NITRON

з а т. х и м. 1. Көмірден, мұнайдан, әктастан алынатын жасанды талшық.

Таза полиакрилонитил торқасын АҚШ пен Англияда орлон деп, бізде нитрон деп атайды (Химия өнімдері.). Нитрон талшығы жұмсақ та, түкті де келеді және жасанды басқа талшықтарға қарағанда табиғи жүнге көбірек ұқсайды (Орган. химия).

2. Нитрон талшығынан жасалған мата.

Қазір көмірден, мұнайдан, известен, азоттан жасалатын нитрон деген мата өндіріске ене бастады («Қазақст. мұғ.»).