lat: NIVELIRLEÝ
е т. г е о г р. Бастапқы нүктемен (нөлдік биіктікпен) немесе теңіз деңгейінен алғандағы тұрақты белгімен салыстыра отырып, жер бетіндегі нүктелердің биіктігін анықтау.
Нивелирлеу геодезиялық өлшеулердің сандық көрсеткішінің бір түрі (Қаз. тілі термин. Сушар.). Нивелирлеу орындалу тәсілдеріне қарай: геометриялық, тригонометриялық, барометрлік, механикалық, гидростатикалық және стереофотограмметриялық болып бөлінеді (Қаз. тілі термин. Сушар.).