НОБАЙ

lat: NOBAI

з а т. 1. Бір нәрсенің мөлшермен алғандағы жалпы көлемі, жобасы, сұлбасы.

Ақ бөріктіні нобаймен нысанаға алып, көздемей атып жіберді (Б.Тілегенов, Аққайнар). Мұқан таңертең ерте тұрып Мола жақтан бүркенген біреудің нобайын көріп, тесіле қарады (Б.Әшімов, Қаражол). Енді сендерге барып соның жалпы нобайын қағазға түсіріп көрейік, деп Нұрахан ойда жоқта сап ете қалған ақылды тереңірек толғауға ыңғай білдірген (С.Хайдаров, Құрыш.).

2. ж е р г. Мінезі, құлқы, пішіні.

Нобайы түзу адам екеназақ тілі. аймақ. сөздігі). Нобайы оңды адамнан түңілмеазтілі аймақ. сөздігі).

3. ө н е р. <франці esguisse> Көркемсурет туындыларының, құрылыстардың, механизмдердің тұтас немесе жеке бөліктерінің алдын ала жасалған жоба суреті.

Нобай салынатын нысанның жалпы тұрпаты мен негізгі белгілерін қамтиды (ҚҰЭ). Кескіндеме мен мүсін өнерінде де нобай қолданылады (ҚҰЭ). Сақталмауы мүмкін емес зердеңде, Сен тоғызға келгенде, Ұлу жылы, Үкітайдың тойында, Оқ өтпейтін алып батыр жайында, Кешір, әке, балалық па, Зерсіздік пе, Шалалық па, Тек нобайы ғана қапты ойымда (М.Шаханов, Ғасырлар.).